• Жарқын болашақ
          • Жарқын болашақ

          •    

             

             

            2-4- сәуір аралығында Семей қазақ-түрік лицейінде облыстық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында өткен  VII республикалық Жарқын болашақ олимпиадасына қатысуға жолдама алып, бақтарын сынады. Лицейдің 11-сынып оқушысы Давлетов Жәнібек ІІІ орын иеленіп, Сүлейман Демирел университетінің білім грантын иеленіп қайтты. Семей өңірінің намысын қорғаған Чернышевский атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Измайлова Фируза ІІІ орын иеленіп  Мұхтар Әуезов атындағы ОҚО мемлекеттік университетінің білім грантын иеленді. Аягөз ауданының Шарипбекова Дамира ІІІ орын қанжығаларына байлап қайтты.

        • әскери эстафета
          • әскери эстафета

          •  

             

                 

            Лицейде салауатты өмір салтын насихаттау, болашақ Отан  қорғаушыларды әскери және рухани-іскерлік қасиеттерге тәрбиелеу, әскери-патриоттықкомандалардың  арасында өткізілетін қалалық жарысқа үздік жоғары сынып оқушыларын іріктеу мақсатында «Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің» спорт ғимаратында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  әскери-спорттық жарыс өтті. Жарыс қорытындысында 1-орынды Қазақ-түрік лицейінің командасы иеленіп  кубокпен марапатталды, 2-орынды  Жас Ұлан лицейінің командасы, 3-орынды №22 орта мектебінің командасы иеленді, 4-орынды №4 орта мектебі, 5-орынды № 32 орта мектептері иеленді. Жарыс  соңында қазақ-түрік лицейінің тарих пәнінің мұғалімі А.Алибаев мырза жарысқа қатысушы командаларды, дипломмен, мақтау қағаздарымен, алғыс хатпен марапаттап жүлделі орындарға түрлі сыйлықтар берді. Бұндай жарыстароқушылардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. 

             

             

             

    • Абай облысы ББ "Семей қ. облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі" КММ
      Семей қаласы, Ш. Уәлиханов к. №206,