Жаңалықтар

        • Жарқын болашақ
          • Жарқын болашақ

          •    

             

             

            2-4- сәуір аралығында Семей қазақ-түрік лицейінде облыстық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында өткен  VII республикалық Жарқын болашақ олимпиадасына қатысуға жолдама алып, бақтарын сынады. Лицейдің 11-сынып оқушысы Давлетов Жәнібек ІІІ орын иеленіп, Сүлейман Демирел университетінің білім грантын иеленіп қайтты. Семей өңірінің намысын қорғаған Чернышевский атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Измайлова Фируза ІІІ орын иеленіп  Мұхтар Әуезов атындағы ОҚО мемлекеттік университетінің білім грантын иеленді. Аягөз ауданының Шарипбекова Дамира ІІІ орын қанжығаларына байлап қайтты.

        • Қалалық сурет көрмесі
          • Қалалық сурет көрмесі

          •  

                

            7 наурыз 2015 жыл Біздің Семей қазақ-түрік лицейінде «Қазақстанның ертеңі, бүгіні, кемел болашағы» атты қала мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының  құрылғанына 550 жыл толуына орай өткізілген «Қазақстанның ертеңі, бүгіні, кемел болашағы» атты қалалық жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары арасында сурет байқауы өтті.

             

        • әскери эстафета
          • әскери эстафета

          •  

             

                 

            Лицейде салауатты өмір салтын насихаттау, болашақ Отан  қорғаушыларды әскери және рухани-іскерлік қасиеттерге тәрбиелеу, әскери-патриоттықкомандалардың  арасында өткізілетін қалалық жарысқа үздік жоғары сынып оқушыларын іріктеу мақсатында «Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің» спорт ғимаратында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  әскери-спорттық жарыс өтті. Жарыс қорытындысында 1-орынды Қазақ-түрік лицейінің командасы иеленіп  кубокпен марапатталды, 2-орынды  Жас Ұлан лицейінің командасы, 3-орынды №22 орта мектебінің командасы иеленді, 4-орынды №4 орта мектебі, 5-орынды № 32 орта мектептері иеленді. Жарыс  соңында қазақ-түрік лицейінің тарих пәнінің мұғалімі А.Алибаев мырза жарысқа қатысушы командаларды, дипломмен, мақтау қағаздарымен, алғыс хатпен марапаттап жүлделі орындарға түрлі сыйлықтар берді. Бұндай жарыстароқушылардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. 

             

             

             

        • Түлектерге мың алғыс!!!
          • Түлектерге мың алғыс!!!

          • Семей қазақ-түрік лицейінің 20 жылдық мерейтойына лицей түлектері 24 моноблок сыйға тартты. Лицей қабырғасынан қанаттанып ұшқан түлектерге лицей оқушылары мен ата-аналар  шексіз алғыстарын білдіреді.

             

  • Абай облысы ББ "Семей қ. облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі" КММ
    Семей қаласы, Ш. Уәлиханов к. №206,